Мессенжерде экстремистік жазба таратқан қызылордалық әйел 3 жылға сотталды

358

0

Фото: Pexels

Қызылорда облысында алауыздықты тудыратын жазба таратқан тұрғынға сот үкімі шықты.

Қызылорда облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді.

Аталған шара барысында деструктивті діни ағым ұстанушысы, қала тұрғыны 31 жастағы әйел Telegram месенджері арқылы экстремистік материалдарды таратқаны анықталды.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен азаматша кінәлі деп танылды.

Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<