олелімізде қыза түскен челленджді әнші Ернар Айдардан қабыл алған. «МузАРТ» тобының мүшесі Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған видеода ұлы ақынның «Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді оқығанын байқауға болады. Сондай-ақ, ол челленджді жалғастыру үшін Серік Аббас-Шаx, Тоқтар Серіков және Қайрат Нұртасқа жолдады.
Еске салайық, бұған дейін Абай шығармаларын оқу эстафетасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, әнші Димаш Құдайберген қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, композитор Игорь Крутой, әнші Валерия және ресейлік МУЗ-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Давлетьяров.





