Миллионер күзетші. Мектеп күзетшісіне заңсыз 6 млн теңге үстемақы төленген

706

0

Фото: ашық дереккөзден

Сондай-ақ, облыс бойынша мектеп директорлары мен есепшілері бюджеттен жарты миллиард теңгеге жуық ақша жымқырғаны белгілі болды. Бұған байланысты 8 білім ұясының жауапты тұлғаларына қылмыстық іс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Azattyq-News» ақпараттық агенттігі.

Бюджет қаражатын жымқыру деректері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің 2020-2021 жылдарға арналған тексеру кезінде анықталған. Заң бұзушылық деректерінің алтауы Жаңақорған ауданындағы мектептерде болған. Жауапты тұлғалар мектепте мүлде жұмыс істемейтін азаматтарға еңбекақы аударып келген. Сонымен қоса, қаладағы №112 мектептің күзетшісіне бір айда 6 миллион теңге үстемақы төлеген.

«Тек бір ғана №51 орта мектеп бойынша ұрланған қаражат көлемі 117 миллион теңгені құрайды. Аталған құқық бұзушылықтар жауапты тұлғалармен еңбекақы қоры қаражаттарын төлеу барысында тиісті ақпаратты жүйелердің кемшіліктерін пайдалана отырып жасаған деген негіздер бар», – дейді жауапты ведомство өкілі Асылхан Ашықов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<