Министр: \»Димаш Қытайдың арқасында танымал болды\» дейтіндер мені таңғалдырады

322

0

Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы халыққа есеп беру кездесуiн өткізіп, Самал Еслямова мен Димаш Құдайбергенге қатысты өз ойымен бөлісті деп хабарлайды Baq.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Министрдің ойынша, «Самал Канн фестивалінің, ал Димаш болса Қытайда жұлдызы жануының арқасында танымал болды» деген ой – дұрыс емес. Министр оларды елімізде өскен, үлкен жетістікке өз күшімен жеткен талантты өнерпаздар екенін атап өтті.

«Самал – посткеңестiк кеңiстiкте үздiк әйел рөлi үшiн Канн фестивалiнiң басты сыйлығын алған тұңғыш актриса. Менi «Канн фестивалi мен француздар болмаса, Самал Еслямова жетiстiкке жетпеушi едi», «Димаш Қытайдың арқасында танымал болды» деген ой әрдайым таң қалдырады. Димаш өзi Қазақстанда қалыптасып, танылғанын айтады. Бiздегi бұл психология еш өзгермейдi», – дедi өз сөзінде Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр өз кезегінде «Димаш Қытайға бармаса, танылмас еді» деген пікірлерді жиі еститінін және ол бәрібір өз елінде жүріп те танылатындығын айтты.

«Ал бiз «Димаш өз елiнде танылды» десек, «жоқ ол Қытайда танымал болды» деген пiкiрлердi естимiз. Димаш бәрiбiр жұлдыз болушы едi. Себебi, конкурстар түрлi елдерде өтедi. Ал ол сол кезде Қытайға барып қалды. Ондай болса, «Серiк Сәпиев ағылшындардың арқасында танылды» деп айтайық. Өйткенi, ол Лондонда жеңiске жеттi ғой. Ал сонда Серiк «Мен Лондонға дейiн бiрнеше рет Әлем чемпионы болдым» демей ме. Бұндай қарым-қатынас жарамайды. Олимпиада ойындары мен халықаралық конкурстар өз талантын көрсету үшiн арнайы өткiзiледi», – дедi Арыстанбек Мұхамедиұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<