Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елде қызғалдақ пен бәйшешек жұлғандарға қомақты айыппұл салу жазасы ескерілгенін еске салды.
— Бұл өсімдіктерді жұлмауға кеңес беремін, себебі олар онсыз да сирек кездеседі. Сондықтан осы өсімдіктер тиісті тізімге («Қызыл кітапқа») енгізілген. Жыл сайын әлемде өсімдіктер мен жануарлар түрлері жойылып бара жатқанын байқап отырмыз. Ал осы жойылу қаупі алдағы уақытта теріс салдарға алып келуі мүмкін. Сондықтан табиғатты қорғау керек, — деді Ерлан Нысанбаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салсақ, былтыр Түркістан облысында қызғалдақ жұлған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.
Сонымен қатар, 2025 жылы Ақтөбеде қызғалдақпен фотоға түскен ауыл әкімі әкімшілік жауапқа тартылады.






