Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр

275

0

Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық нәтижесінде, қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 0,28 долларға төмендеп, барреліне 77,11 долларды құрады. WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX)  0,86 долларға өсіп, баррелі 73,8 доллар болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<