Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов 2024 жылдың негізгі қорытындылары мен мобильді аударымдар туралы баяндады, деп хабарлады Syrboyi.kz.
2024 жылдың қорытындысымен мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдері 115 млрд. 975 млн. теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 20 млрд. 419 млн. теңгеге артық орындалған.
2025 жылдан бастап екінші деңгейлі банктер – дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша 2024 жылдың қорытындысымен ақпарат ұсынады. Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған.
– Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлікті анықтауға бағытталған. Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар мен қызметтер үшін төлемдерді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау кассалық машиналарын, Post-терминалдарды, QR-кодтарды қолданбай жүргізеді, фискалды чектер ұрылмайды. Соған сәйкес, тұтынушылардың құқықтары бұзылады. Айта кету керек, мобильді аударымдарды тексеру әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын жеке банктік шотқа 100-ден аса аударым жүргізілген жағдайда жүргізіледі, – деді басқарма басшысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<