Мөлдір Жаңбырбай әлемдік додада қола жүлдегер атанды

119

0

Фото: Сыр спорты

Франция елінен ақжолтай жаңалық жетті. Әлемнің 70 елінен 382 спортшы бақ сынасқан Париж төріндегі WKF Каратэден әлемдік топ 32 рейтингтің Премьер-лига турнирінде Сыр мақтанышы Мөлдір Жаңбырбай 50 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие болып, қола жүлдені ел қоржынына салды, деп хабарлады Syrboyi.kz.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының хабарлауынша, спортшының жаттықтырушысы – Нұржан Ақпанбет. Қола жүлде құтты болсын, Сыр елі!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<