«МОЛОДОЙ УЧЕНЫЙ»: ЖАҢА НӨМІР ЖАРЫҚ КӨРДІ

122

0

«Болашақ» университеті 2013 жылдан бастап ресейлік «Молодой ученый» (Қазан) баспасымен белсенді түрде бірлесе қызмет атқарып келеді. Баспаның Халықаралық редакциялық құрамында университет ғалымдары – PhD З.Р. Досманбетова, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов, философия магистрі Б.Ж. Паридинова бар. Б.Ж. Паридинова бұл құрамда тек жас ғалым ғана емес, редакциялық кеңестің жалғыз ғылым магистрі болып табылады.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты 2014 жылдан бастап Әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер орталығымен бірлесе отырып ресейлік «Молодой ученый» журналының арнайы шығырылымдарын дайындайды. Ақпан айының соңында халықаралық журнал арнайы шығарылымының кезекті он жетінші нөмірі жарық көрді.

Бүгінгі күнге дейін арнайы шығарылымның 17 нөмірінде 449 ғылыми мақалалар жарияланған. Аталмыш арнайы шығарылымдарда тек «Болашақ» университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, студенттері мен магистранттары жарияланып қана қоймай, еліміздің өзге де ЖОО, ғылыми институттар, колледждер мен мектептердің ғалымдары жарияланады. Осы уақытқа дейін «Болашақ» ҒЗИ 58 мекеме қызметкерлерінің ғылыми мақалаларының жариялануына ықпал жасады.