Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетті

770

0

Фото: Pixabay

Елдің ұлттық статистика комитеті бұған дейін 22 қарашаға қарай Моңғолия халқының жалпы саны 3,5 миллион адамға жететінін хабарлаған.

«Аталған комитеттің бұл болжамы соңғы үш жылдағы туу, өлім және халықтың табиғи қозғалысына негізделген», – дейді Моңғолия ұлттық статистика комитетінің халық санағы және тұрғын үй қоры бөлімінің статисі.

Бұл туралы моңғолиялық Kaznews ақпараттық порталы хабарлады.

«Соңғы үш жылда орта есеппен әр жеті минут 16 секунд сайын бір бала дүниеге келіп, 27 минут 46 секунд сайын бір адам қайтыс болады, ал Моңғолия халқының саны әр тоғыз минут 55 секунд сайын бір адамға артып келеді екен» деп жазады моңғолиялық басылым.

Kaznews дерегінше, 1962 жылы Моңғолия халқының саны 1 миллион болса, 1988 жылы ел екі миллион, 2015 жылы үш миллионға жетті.

2033 жылы 4 миллионға, 2048 жылы 5 миллионға жетеді деген болжам бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<