Мониторинг нәтижесінде 1,3 млрд теңгеден астам қаржы қайтарылды

622

0

Фото: Байқоңыр ӘКК

Өздеріңізге белгілі, «Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы өңірімізде әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларды қаржыландырып, қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда корпорацияның инвестициялық портфелі 15,4 млрд теңге соммасын құрайтын 34 жобаны қамтыса, оның ішінде әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясының үлесі – 4,2 млрд теңгені құрайды.

Корпорацияның үлесін қайтару бойынша инвестициялық жобаларға өткен жылдан бастап мониторинг жұмыстары қарқынды жүргізіліп, нәтижесінде 2023 жылы 1,3 млрд теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Бұдан бұлай корпорация қолдау білдірген инвестициялық жобаларға енді жарты жылда бір рет көшпелі мониторинг жұмыстарын жүргізетін болады. Онда бірлескен кәсіпорындардың қаржы-экономикалық қызметіне талдау жасалып, проблемалық жобалар бойынша заң қызметімен бірлесіп жұмыс жүргізіледі.

Айта кетейік, «Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы қаржыландыратын инвестициялық жобалардың басым көпшілігі тамақ өнеркәсібіне, мал шаруашылығына, оның ішінде, бордақылау алаңдарына, тау-кен өндірісіне бағытталған. Сонымен қатар, тұқым шаруашылығын дамыту, электр қуатымен жабдықтау, жол бойында қызмет көрсету жобалары да қамтылған.

Бүгінде аймағымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына әсерін тигізетін жаңадан бірлескен кәсіпорындар құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, қолжетімді бағадағы өнімдердің жеткілікті көлемін қамтамасыз ету арқылы жоғары сапалы сауда алаңын қамтамасыз ету және негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік шиеленісті жеңілдету мақсатында «Ырыс коммуналдық базары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Аталмыш жобаны іске асыру үшін облыстық мәслихат шешімімен бірінші кезеңде 500 млн теңге бөлініп, бөлінген қаржы құрылыс-монтаждау жұмыстарына бағытталды.

Мұнан бөлек, «Қызылорда облысында энергиямен жабдықтау ұйымын құру» жобасын жүзеге асыру үшін «AZAR Energy» ЖШС құрылып, облыстық бюджеттен аталған кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуға 41,0 млн теңге қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, ӘКК жарғылық капиталын ұлғайту арқылы өндірістерді іске асыратын 7,2 млрд теңге сомасындағы 6 инвестициялық жобаның қаржылық-экономикалық негіздемелері дайындалды. Оның ішінде «күріш ұнынан кеспе дайындау және мақсары майын өндіру» инвестициялық жобасын іске асыруға облыстық бюджеттен 122,8 млн теңге бөлінді. Қалған жобалар бойынша 2024 жылы қаржыландыру мәселесі қайта қаралатын болады.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<