![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2020-02/medium/1580896392_200205130307495e.jpg)
Режиналдо 1990 жылдың 14 маусымында Мозамбиктің Келимане қаласында дүниеге келген. Үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2013 жылы Португалияның «Насьонал» (Фуншал) командасында бастаған ол содан бері сол елдің «Санта-Клара», Албанияның «Люфтетари», «Лачи», «Кукеси» командаларында ойын көрсетті. Былтыр ол Қарағандының «Шахтері» құрамына жазда қосылып, 13 ойында 3 гол соқты.
Файфе Режиналдо 2011 жылдан бері Мозамбик құрамасы сапында ойнайды. Қазірге дейін 25 кездесуде қарсыластар қақпасын 3 мәрте дәл көздеді.
Бұдан бұрын «Қайсар» басшылығы қорғаушылар – Елдос Ахметов және Бағдат Қайыров, грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе, кабо-верделік жартылай қорғаушы Алвин Фортес, украиналық қорғаушы Ризван Аблитаровпен келісімшартқа отырған болатын.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<