Мұраты биік мәңгілік елміз

193

0

 Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Үндеуін зор қанағатпен тыңдадым. Мұны Президент саяси партиялардың және қос палаталы Парламенттің төрағаларымен келісіп, бірауыздан осындай шешімге келіп отыр.

Мен мұны өте орынды және заңды деп санаймын. Себебі қазіргі ел басшысы Президент міндетін атқарушы болып отыр. Бұл Елбасы өз өкілеттілігін тоқтататынын жариялаған соң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жасалған шешім еді. Ендігі жерде елімізді халық даусымен сайланған Президентіміздің басқаруы қажеттігі айқын. Сондықтан Үндеуде айтылған басты мәселе жаз айында бүкілхалықтық сайлау туралы болды. Бұл да дұрыс шешім. Жаз айы жалпы жұрттың қолы көктемгі жұмыстардан босап, бірер ай тыныстайтын кезі.

Біздің мемлекетіміз бүгінде әлемдік деңгейдегі өркениетке енген елдермен терезе теңестіріп, алға қарыштап келеді. Бұл – әрине, ең біріншіден Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұзақ жылғы күрескерлігі мен сарабдал саясатының арқасында мүмкін болған жетістік.

Еліміз мұнан әрі де осы жолмен дамып, өсіп-өркендей беретініне кәміл сенеміз.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<