Қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайтын фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Dar Play» компаниясымен бірлесе түсірген. Айта кетсек, фестивальдің алғашқы кезеңінде Silver Screen Award жүлдесіне үміткерлер қатарына байқауға қатысатын әр елдің бірнеше фильмдері ұсынылған болатын.
Бұл кезеңде Қазақстан атынан алты бірдей кинотуынды ( үш толықметражды және үш қысқаметражды фильм) қарастырылған. «Әміре» картинасымен қатар Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа шығарған үш фильм бақ сынады, олар: толықметражды фильмдер байқауында Төлеген Байтөкеновтың «Саташ» фильмі және Елжас Рақымбековтың «Эль Фриман» картинасы, ал қысқаметражды фильмдер бөліміне Берік Жахановтың «Асан» фильмі қатысты.





