Мұстафа Шоқай атындағы республикалық турнир

371

0

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, Шиелі ауданында қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Мұстафа Шоқай атындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Осымен он үшінші рет ұйымдастырылып отырған бәсекеде еліміздің барлық өңіріндегі балуандары боз кілемде белдесті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 200-ге тарта жас палуандар 9 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынатын болады.
Дүбірлі додаға келген палуандардың қай-қайсысы болмасын түрлі жарыстарда жүлделі орын алған, еліміздің чемпиондары, құрлықтық бәскелердің бәрінде алдыңғы қатардан көрінгендер.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Әшім Оразбекұлы 16 желтоқсан Қазақстан Ресубликасының Тәуелсіздік күніне арналған қазақ күресінен, жасөспірімдер арасында Мұстафа Шоқай атындағы республикалық турнирдің ашылуымен құттықтап, палуандарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республкасына Еңбегі Сіңген жаттықтырушы Марат Жақыт өз лебізін білдіріп, жарысқа қатысушыларға ізгі тілегін жеткізді.
Шиелі ауданында Қазақ күресін кеңінен насихаттап, оған жасөспірімдер мен жастарды көбірек тарту мақсатында биылғы жылы бұқаралық спортты дамыту бағытындағы 110 аудандық, 12 облыстық, 6 республикалық жарыс өткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<