Қызылорда қаласындағы Мүгедектерге арналған спорт клубының спортшылары әлемдік және республикалық жарыстарда үнемі топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінуде.
Соның ішінде биыл Парижде өткен XVII жазғы паралимпиада ойындарында аталған спорт клубының спортшылары отырып ойнау волейболынан 5 орын алып, ең үздік көрсеткіштерге ие болды. ҚР ұлттық құрама командасының сапында Қасқабаев Эрик, Медеуов Шыңғыс, Әбдібек Ерасыл бар.
Бұдан бөлек, Ташкент қаласында қол күрестен өткен Азия чемпионатында спорт клубының спортшылары 3 алтын, 3 күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар, Тайландта пара пауэрлифтингтен өткен Әлем кубогында спорт клубының спортшысы Шакиев Станислав 59 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, Грузия мемлекетінде парадзюдодан өткен халықаралық турнирде Айдана Ғазизқызы 70 кг салмақ дәрежесінде үздік нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды.
Жалпы, 2024 жылы өткен ҚР чемпионаттарында Мүгедектерге арналған спорт клубының спортшылары 33 алтын, 19 күміс, 16 қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Мүгедектерге арналған спорт клубында 332 спортшы және 21 жаттықтырушы бар.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<