МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА 67 ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

6

0

Республикалық референдумның басталғанына 5 сағат болды. Дауыс беру учаскелеріне келіп жатқан тұрғындар белсенділігі жоғары.

Науқанда мүгедектігі бар жандарға дауыс беру үшін барлық қолайлы жағдайлар. Яғни облыс бойынша инватаксилер қызметі үздіксіз жұмыс жасауда.

Аймақта 67 инватакси дауыс берушілердің өтінішіне сай қызмет көрсетуде.

Бұл қызметті қолданған дауыс берушілердің бірі – Смағұлова Роза. Ол интакси арқылы өз учаскесіне келіп, таңдау жасады.

Сонымен бірге Шиелі ауданындағы №286 дауыс беру учаскесіне келген көз мүгедегі Сүйініш Еркінов дауыс беру учаскесінде көру қабілеті төмен азаматтар үшін негізгі шаралар қабылданғанын тілге тиек етті.

Қажеттіліктерге қарай учаскелерде 49 ымдау тілінің маманы қызмет атқарады. Сондай-ақ, Брайль қарпімен жазылған трафереттер де таратылды.

Аймақта азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 187 онлайн сервис жұмыс істейді. Мұнан бөлек, азаматтарды уақытша тіркейдін 5 учаске жабдықталған. Барлығында «егов» арнайы сервистері қамтылған.

Айта кетейік, өңірде 378 референдум учаскесі және 492 524 дауыс беруші бар.