Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздар қауымына маңызды жаңалықты жеткізді, деп жазады syrboyi.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес педагогтердің пәндік білімін бағалау (ОЗП) тесті ресми түрде тоқтатылды.
Бұл шешім мұғалімдердің кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасауға және артық жүктемені азайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Ұстаздар қауымын қуантқан бұл жаңалық білім беру саласындағы оң өзгерістердің жалғасы екені сөзсіз.






