Мұхаммедсабыр ширек финалға шықты

364

0

Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасында 63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан боксшымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші кездесуінде де жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.

1/8 финалда жерлесіміз 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері тайбэйлік Лай Чжуэнмен жекпе-жек өткізді.

Алғашқы раунда нәтиже шамалас болып, 3:2-мен Мұхаммедсабыр басым түсті. Екінші раундта да дәл осы нәтижемен қазақстандық боксшы алда болды.

Шешуші үшінші раунда екі боксшы да барын салды, алайда төрешілер басымдықты біздің спортшыға берді.

Айта кетейік, Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы испаниялық Ойер Ибареччені жарыс жолынан тайдырған еді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<