Мұхтар Ерман референдумды ұйымдастыру мәселелеріне арналған жиын өткізді

5

0

Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Жұмыс сапарымен Қызылорда өңіріне келген ҚР ОРК төраға орынбасары Мұхтар Ерман құқық қорғау органдары басшылары және облыстық мекеме басшыларымен кеңейтілген кездесу өткізді.

Басқосуға Қызылорда қаласындағы және барлық аудандардағы аумақтық референдум комиссияларының төрағалары қатысты.

Жиында Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы, прокуратура және ішкі істер департаментінің өкілдері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы атқарылған жұмыстар аясында баяндама жасады.

Өз кезегінде М.Ерман референдум кезінде қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты ұстау, дауыс беруге құқығы бар азаматтар үшін есептен шығару куәліктерін беруді ұйымдастыру, әрбір азаматқа шақыру қағаздарын жеткізу, дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше мән беру керектігін баса айтты.