Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық академиялық драма театрының директоры, айтыскер ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Қырғыз елінің егемендігі мерекесі аясында алғашқы ағартушы, жазушы, ақын, ойшыл Молдо Нияз Эрназар Уулунун 200 жылдығына арналған XVI Халықаралық ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алды.
Сондай-ақ қазақ айтысының ақтаңгері «Қырғыз Республикасының мықты маданиат қызметкері» деген төсбелгімен де марапатталды.
Сүйінбай мен Жамбылдың ізін жалғап, бауырлас екі ел арасындағы рухани жақындықты тынбай насихаттаған ақынды халықаралық айтыстағы жеңісімен құттықтаймыз!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<