Мұхтар Шахановпен кездесті

229

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановпен кездесті. Аймақ басшысы Сыр өңіріне арнайы сапармен келген ақынға алғыс білдіріп, руханият пен мәдениетке қосқан еңбегін ерекше атап өтті.

– Ең алдымен, Мұхтар аға, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Еңбек Ері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл атақ егемен еліміздің рухани-мәдени дамуына қосқан өлшеусіз еңбегіңізге берілген лайықты баға деп білеміз. Сіздің қаламыңыздан туған «Жұбайлар жыры», «Туған күн кешінде», «Гүл дәурен», «Мен саған ғашық едім» секілді көптеген туындыларыңыз қалың оқырманға кеңінен тарап, жүректерден өшпестей орын алды. Шығармаларыңыз 50-ден астам тілге аударылып, республи­камыздың, шетелдердің театрларында қойылып келеді. Ұлт руханиятына қосқан зор үлесіңіз үшін «Отан» ордені, Қазақстанның Халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны, тағы басқа атақ пен марапаттар иелендіңіз. Өзіңізге деген Сыр халқының құрметі, ілтипаты әрқашан да ерекше. Шығар­машылық сапарыңызға құтты қадам, деніңізге саулық, отба­сыңызға амандық тілеймін, – деді облыс әкімі.

Кездесу соңында аймақ басшысы Мұхтар Шаханов пен жұбайы Ханшайым Көкенқызына Сыр елі атынан ілтипат білдіріп, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ Жастар ресурстық орта­лығында Мұхтар Шахановтың жастармен тағылымды кездесуі өтті. Оған қа­тысушылар ақынның рухты, өміршең жырларын, өздерінің арнау өлеңдерін оқыды. Еркін сұхбат құрып, сұрақ-жауап форматында әңгіме өрбітті.

Сыр жұртшылығы ақынның «Танакөз» шығармасының желісімен қойылған спектакльді Әзербайжан Мәмбетов атын­дағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахналауында тамашалады.