Мұнай компанияларында түсіндірме жүргізілді

966

0

Қызылорда облыстық ақпараттық түсіндірме тобы аймақтағы мұнай және газ, кен игеру орындарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жүргізілген бұл жұмыстар Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында ұйымдастырылып отыр.

Бұл топтың құрамында Қызылорда қоғамдық даму басқармасының қызметкері Назаров Шәріпбек, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Туляпов Данияр,  Қызылорда облысы Ақмешіт Сырдария орталық мешітінің наиб имамы Қаюпов Ислам,  Қызылорда облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға маманы Ерубай Асхат болды.   

Ағымдағы жылдың 20-30 мамыр аралығында облыстық АТТ мүшелері «ҚОР» ҰҚ АҚ мұнай компаниясы, «Казгермұнай» БК ЖШС, «CNPC АйДанМұнай», «ТорғайПетролеум», «Кумколь Транс Сервис» ЖШС, «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз», «Куат Амлом Мұнай» ЖШС мұнай компаниясы қызметкерлерімен бірге қоғамдағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті арттыру және радикалдық көзқарастағы қарсы иммунитетті қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Профилактикалық, құқықтық, дін және зайырлық, толеранттылық, сонымен қатар заңды тұрғыда жүргізілген түсіндірме жұмыстары барысында 7 компанияның 300-ден аса қызметкері қамтылды.

Қызметкерлер тарапынан ұлттық құндылық, отбасындағы қарым-қатынас, діни білім алу және өзге де сауалдар қойылып, кездесулер соңы пікір алмасумен аяқталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің  баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<