Мұрат Әбенов «Kaz Fries» зауытының жұмысымен танысты

477

0

Фото: Аманат партиясы

Қызылорда қаласында өткен жылы «Kaz Fries» мұздатылған фри өндірісі зауыты пайдалануға берілді. Аталған зауыт озық үлгідегі технологиямен жабдықталып өнімдері қаламыздың ірі дүкендеріне жеткізілуде.

Бүгін зауыттың жұмысымен ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция мүшесі Мұрат Әбенов танысты. «Абай Дәулет» ЖШС-нің қолға алған жаңа жобасы қызылордалықтарды дәмді әрі сапалы өніммен қамтуда.

Мұрат Әбенов «Kaz Fries» зауытының жұмысымен танысты

Жаңа фри зауытында сағатына 300 келі өнім шығарады. Өндірісте 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Отандық өнімнің дайындалу жұмысымен танысқан мәжілісмен тауар сапасына оң бағасын берді.

Атап өтейік «Абай Дәулет» серіктестігі мұнымен қоса күріш өндірісі, мал, құс шаруашылығымен, ет өндірумен және көкөніс егумен де айналысуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<