Ертең Алматы қаласының Орталық мешітінде белгілі актер Мұрат Бисембинмен қоштасу рәсімі өтеді. Бұл туралы оның қызы Диана хабарлады.
— Достар, әкеммен қоштасқысы келетін баршаңызды ертең, 9 қаңтар күні Алматы қаласындағы Пушкин көшесі, 16 мекенжайында орналасқан Орталық мешітке шақырамыз. Сағат 10:00–де жаназа намазы оқылады, — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Еске салсақ, бүгін қазақстандық актер Мұрат Бисембин 53 жасында өмірден өтті.
Бұдан бұрын актер сұхбатында біраз уақыттан бері онкологиялық аурумен күресіп жүргенін айтқан болатын. 2025 жылдың желтоқсанында инсульттен кейін ауруханаға түскені белгілі болды.






