«Мың бала» жобасы: таланттар мен мәдени бірлік

947

0

Сурет: Қызылорда Ассамблея

16 қарашада елордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының соңғы кезеңі өз мәресіне жетіп, қорытындысы шығарылды.

«Мың бала» жобасы өскелең ұрпақты, оның ішінде этнос өкілдерінің жас жеткіншектері арасында қазақстандық бірегейлікті мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру арқылы дамытуға бағытталған.

Салтанатты іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақов, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен «Мың бала» жобасының өңірлердегі жеңімпаздары қатысты.

Сыр өңірінен жобаға қатысқан Лейсан Гейдарова мен Анита Чен Диплом иегерлері атанды. Сонымен бірге, шарада өнерлі өреніміз Анита Чен қобызбен күй орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<