Сурет: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығымен 2023 жылы Президенттік стипендия еліміздің 55 жоғары оқу орнында 1005 студент пен 7 магистрантқа тағайындалды.
Бакалавр студенттері үшін Президенттік стипендия мөлшері – 73 320 теңге, магистранттар үшін – 173 974 теңге.
ҚР Президенті стипендиясының мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым дарынды және қабілетті студенттер мен магистранттарды қолдау, сондай-ақ зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға жәрдемдесу.
Стипендиаттар үшін іріктеудің негізгі критерийі – тек «өте жақсы» (А, А -) оқу.
Сондай-ақ, студенттер мен магистранттардың республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорттық жарыстардағы, фестивальдардағы жетістіктері ескеріледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<