Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Қызылордалық кәсіпкерлер Мемлекет басшысының арнайы жүлдесіне ие болды. Оның қатарында «Ассоль» йодталған ас тұзын өндіретін компания «Алтын Орда» ЖШС «Ұлы дала елі» конкурсының жеңімпазы атанды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өз жетістігі жайында компания директоры Нариман Абжанов айтты.
- Біз 2016 жылдан бастап йодталған ас тұзын өндіреміз. Бүгінгі күні компанияда 150-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Жақында Елордаға барып, жеңімпаз атанып, компаниямыздың мерейі өсті. Сайыстың мақсаты – кәсіпкерлерді шыңдау, олардың жетістіктеріне қолдау көрсету. Қазіргі таңда, өнімнің 70 пайызын экспортқа жіберудеміз. Мәселен, Ресей, Беларусь, Латвия, Литва, Грузия, Моңғолстан және Қырғызстан елінде өніміміз танымалдылыққа ие болуда. Жоспарымыз – өнімнің көлемін көбейту, – деді Нариман Абжанов. @Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<