Науқастар жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатыр

388

0

Науқастар жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатыр Cоңғы тіркелген науқастардың екеуі – Сырдария ауданының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған.
Бекітілген алгоритмге сәйкес екінші мәрте алынған сынама коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Ал үшінші науқас – Жаңақорған ауданының тұрғыны. Қазіргі таңда эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде. Барлығы жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

15.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ жұқтырудың 124 дерегі тіркелді. Оның 2-уі емделіп шықса, қалғаны ем алып жатыр.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті