Наурыз мерекесі NIS-те

210

0

Фото: NIS

Қызылордадағы NIS-те Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтілді.

Мектеп ауласында киіз үй тігіліп, ырыс пен молшылықтың символы болып табылатын бауырсақ пен Наурыз көже пісіріліп, келушілерге ұсынылды. Шығармашылық топтың ұйымдастырған Наурыз көшінде қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері көрініс тауып, ұлттық мұра ұлықталды.

Қонақ болған әжелер ансамблі көрермендерді халықтық әндерімен қуантты. Ал спорттық алаңда арқан тарту, қолкүрес, гір көтеру және ләңгі тебуден сайыстар өткізіліп, үздіктері анықталды. Табиғаттың жаңаруы мен қайта өркендеу белгісі ретінде қауымдастық мүшелері тал егіп, мектеп айналасын көгалдандыруға үлес қосты.

Наурыз мерекесі NIS-те

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<