Наурыздағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға бірнеше қосымша демалыс күні беріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ eGov.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстанда 8 наурызда Халықаралық әйелдер күні атап өтіледі. Биыл мереке жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Тиісінше, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады — 7 наурыздан 9 наурызға дейін, ал алты күндік жұмыс аптасында 8 және 9 наурыз демалыс күндері болып есептеледі. 10 наурыз, сейсенбі — жұмыс күні.
Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде Қазақстанда 21-23 наурыз аралығында тойланады. 21 және 22 наурыз сенбі және жексенбіге сәйкес келетіндіктен, мереке күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.
Яғни, қазақстандықтар қатарынан бес күн – 21-25 наурыз аралығында демалады.
Айта кету керек, Қазақстандағы мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне сәйкес биыл қосымша демалыс күндері беріледі.






