Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтің төрағалығымен өткен мәжілісте алдағы Наурызнама аясында ұйымдастырылатын мерекелік іс-шаралардың жоспары қаралды.
Жиын барысында мерекені жоғары деңгейде өткізу, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын мазмұнды шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі Наурыз мейрамын ұлттық нақышта, салт-дәстүрді дәріптейтін, сән-салтанаты жарасқан кең көлемді мереке ретінде өткізу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, барлық іс-шараларды сапалы әрі мазмұнды ұйымдастыруды, қауіпсіздік пен тазалық талаптарын қатаң сақтауды жауапты сала басшыларына тапсырды.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






