Наурызнама аясында Тасбөгет кентінде жәрмеңке ұйымдастырылды

4

0

Бүгін «Наурызнама» онкүндігі аясында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше көңіл бөлінуде.

Сонымен қатар, Тасбөгет кентінде ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеге жергілікті өндірушілер өз өнімдерін ұсынып, тұрғындарға сапалы азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасауда.

Жәрмеңкеде ұсынылған өнімдер нарықтағы бағадан төмен бағамен сатылып, халыққа тиімді жағдай қарастырылған. Мұндай шаралар тұрғындарды сапалы өніммен қамтып қана қоймай, жергілікті өндірушілерді қолдауға да мүмкіндік береді.