Назарбаев мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының тізіліміне толықтыру енгізді

260

0

Назарбаев мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының тізіліміне толықтыру енгізді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 Жарлығына толықтыру енгізу туралы қаулы етті, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев қаулы етті:

1. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда:

«Б» корпусы» деген бөлімде:

«D санаттарының тобы D-2 санатында:

«Тексеру комиссиясының мүшесі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.