Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында Назым Қызайбай ширек финалда қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты.
50 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз ширек финалда Колумбия боксшысы Каролайн Барбозамен қолғап түйістірді. Бұл кездесуде Назым Қызайбай айқын басымдылықпен жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Назым Қызайбай бірінші жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жарыс жолынан тайдырса, екінші айқасында бразилиялық қарсыласы Каролин Барбоза де Алмейданы 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шыққан болатын.
Бұл – Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<