Негізгі ҰБТ қорытындысы: талапкерлердің көпшілігі шекті межеден өтті

191

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Бүгінге дейін негізгі ҰБТ аясында 326 мың рет тест тапсырылды. Қорытынды бойынша талапкерлердің 72%-ы шекті балл жинады, орташа балл – 67 (5 пән бойынша). Ең жоғары нәтиже – 140 балл.

Ұлттық тестілеу орталығының дерегінше, ерекше білім беру қажеттілігі бар 657 талапкер ҰБТ-ға қатысты.

Тестілеу барысында ереже бұзғаны үшін 550 адамның нәтижесі жойылды, оның ішінде:

260 талапкер тыйым салынған заттарды алып өткені үшін тестілеуге жіберілмеді;

289 адам тестілеу кезінде ереже бұзып, аудиториядан шығарылды;

бейнежазбаны тексеру нәтижесінде 1 адамның сертификаты жойылды;

бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Пәндік комбинация таңдауда талапкерлердің:

18%-ы «Математика-Физика»,

16%-ы «Биология-Химия»,

13%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.

Негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін жалғасады.

Айта кетейік, алматылық оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинап, пәтерге ие болды.