Негізгі капиталға тартылған инвестиция мәсәлелері талқыланды

551

0

Негізгі капиталға тартылған инвестиция мәсәлелері талқыланды Бүгінгі таңда елімізде инвестициялық жобалар кеңінен жүзеге асуда. Бұл тұрғыда мемлекеттің де қолдауы аз емес. Әсіресе, аудандарды индустриялық өңірге айналдыру, ол үшін инвестициялық жобаларды көбейту мәселелері күн тәртібінде.
Инвестициялық жобалар нәтижесінде кәсіпкерлікке де кең өріс ашылып, әсіресе аудан орталығынан, болмаса ауылды жерлерден әркім өзінің бизнесін ашып, экономикаға үлес қоса бермек.
Осы орайда, Қазалы ауданының инвестициялық ахуалының артуына негізделген негізгі капиталға салынған инвестициялар болжамы мәселесімен аудан әкімі М.Ергешбаев аптаның сейсенбі күні тиісті сала басшыларын қабылдады.
2018 жылдың 6 айындағы негізгі капиталға тартылған инвестиция мен құрылыс жұмыстарының көлемі және 2018 жылға орындалу болжамы туралы келелі кеңеске аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Б.Жарылқап, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ө.Өтеп-Әлі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж.Боранқұлов, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Теміров, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ә.Әбиев қатысты.
Аудан басшысы сала басшыларына ауыл шаруашылығы мен шағын және орта кәсіпкерліктен тартылатын инвестицияның жылдық жоспарын мерзімінде орындауға және бюджеттен бөлінген қаржылар игерілгеннен кейін статистикалық есептілігін уақытылы тапсырып отыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.
Жалпы, бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалардың әсіресе аудандар үшін тиімділігі жоғары болып отыр. Айта кетейік, жыл басынан бері ауданымызда негізгі капиталға 1 млрд 268 млн. теңгенің инвестициясы тартылған.
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<