Өнеркәсіп өнімі жыл басынан бері 16,4% қымбаттаған

499

0

Өнеркәсіп өнімі жыл басынан бері 16,4% қымбаттаған Қазақстанда өнеркәсіптік өнімдер шығаратын кәсіпорын-өндірушілер өндірістік сипаттағы қызмет көрсетуді есепке алғанда 2018 жылдың қазанында өткен аймен салыстырғанда бағаны 1,8%, ал 2018 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіштен 16,4% көтерген, – деп хабарлайды  ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Жыл басынан бері өңдеуші өнеркәсіптегі өндіруші-кәсіпорындар бағаны 7,5%, тау-кен өнеркәсібінде – 24,6% өсірген. Өнеркәсіптік өндіріс 17,2%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 7,5% қымбаттаған. Есептік кезеңде мұнай бағасы 28,5%, дизель отыны – 23,9%, мазут – 20%, табиғи газ – 12,4%, көмір – 10%, металл кендері – 2,8% бензинге – 1,8% жоғарылады. Ферроқорытпа – 19%, қара металдар прокаты – 18,2% артса, қорғасынның құны – 10,9%, мырыш – 9,3%, мыс – 1,7%  арзандаған. Өндірушілер күріштің бағасын – 18,9%, өсімдік майын – 8,2%, шайға – 7,3%, бидай ұны – 4,5%, қара бидай ұны – 3,8%, балыққа – 3,5%, құс етіне – 2,9%, мал етін – 2,6%, сүт өнімдеріне – 2,5%, нанға – 0,9% -ға көтерген. Ал, жармаларға – 1%, макарон өнімдеріне – 0,4% -ға төмендетті.