Апталыққа Қазалы ауданындағы №21 «Алпамыс» бөбекжай – балабақшасынан тәрбиеші Жұматаева Балкерім «Мен креативті тәрбиешімін!» бағытында «Тәй-тәй» инновациялық әдістемесі, АКТ, Жобалау-зерттеу әдісі, «Ойын», «Триз» технологиясы бойынша Start up идеялар жәрменкесін көрсетіп, қорғап шықты.
Балабақша тәрбиеленушісі Жалғасбекқызы Алина «Мен дарынды баламын!» бағытында балабақша хореографы Утеген Айгерімнің дайындаған «Сақ аруы» биін билеДІ. Сонымен қатар, Маралтай Райымбекұлының сөзіне жазылған «Мәңгілік Ел» өлеңін мәнеріне келтіріп оқыды.
Апталық соңында облыстық білім басқармасының бас маманы Зарипа Матжанова 21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасынан барған қатысушыларға ризашылығын білдіріп, сертификат табыстады.





