Қаржы мониторингі агенттігі Алматы қаласында «Creditum», «Sofi Finance», «Hava Finance», «SF Offline», «POS Credit», «Сәлем Кредит» микроқаржы ұйымдарының басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілері бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. Олардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 327 мыңнан астам азамат зардап шекті, келтірілген шығын көлемі 30 млрд теңге.
Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар Hava.кz, Koke.кz, Tengo.кz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған. Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде, қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған.
Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 млрд теңге көлемінде тыйым салынды, сондай-ақ 30 млрд теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды. Микроқаржы ұйымдарының ұйымдастырушылары 2 айға қамауға алынды. Оның жалпы құны 225 млн теңге көлемінде 2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды. Мүлкінің жалпы құны – 32 млрд теңге.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<