Несиенің жылдық пайызы қазіргі 56 пайыздан төмен түсуі мүмкін

368

0

Фото: Кazinform

Қазақстанда несиенің жылдық тиімділік сыйақысының мөлшерлемесі қазіргі 56%-дан 40-42%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев Сенат қарап жатқан заң жобасының осындай жаңашылдығы бар екенін айтады.

Бұған дейін Мәжіліс Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезіндегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдап, Сенатқа жолдаған болатын. 

«Заң жобасы жылдық тиімділік сыйақысының мөлшерлемесі Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен шешімімен бекітілуін көздейді. Қазір Қазақстанда бұл көрсеткіш 56% деңгейінде бекітілген. Заңды Сенат мақұлдаса, екінші деңгейлі банктердің жылдық тиімділік сыйақы мөлшерлемесі 40-42%-ға дейін, шағын несие ұйымдарының жылдық тиімділік сыйақы 50%-ға дейін түседі», – деді депутат Kazinform. тілшісіне берген сұхбатында.

Жылдық тиімділік сыйақы мөлшерлемесі — қарапайым тілмен түсіндірсек, қарыз алушының несиеге алған сома үстінен жыл бойы төлейтін артық ақша мөлшері деген сөз.

Яғни, оның ішіне банктің пайыздық мөлшерлемесі мен қызмет көрсету алымдары қоса кіреді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<