Неймар әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді, ал оны бүкіл әлемі жаңадан қойған шаш үлгісі үшін талқылап жатыр. Оның шашы Джастин Тимберлейк пен «Манчестер Юнайтед» кезіндегі Криштину Роналдудың стиліне ұқсап қалғаны байқалады. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Неймар мұндай шаш үлгісін жақсы көргендіктен қоймаған болар. Ол әлем чемпионатына төрт айлық үзілістен кейін келді («Марсельге» қарсы матчта ол жарақат алған болатын). Оның үлгі тұтар тұлғасы Роналдо 2002 жылғы әлем чемпионатының алдында да қызық шаш үлгісін қойған болатын. Сол кезде ол сегіз гол соғып, Бразилияны чемпион етті.
Кейін Роналдо халық оның жарақатын емес, шаш үлгісін талқыласын деп осындай қадамға барғанын айтқан болатын. Роналдоның сол кездегі шашы танымал болды. Оны әлі күнге шейін жанкүйерлер есіне алады. Неймар 2002 жылы кумиріне ұқсау үшін шашын сол секілді қиып тастағанын айтқан.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<