Нигерияда қайық аударылып, 27 адам қаза тапты

59

0

Иллюстративное фото: freepik

Нигерияда Нигер өзенінде қайық аударылып, 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды  azerbaycan24. 

200-ге жуық жолаушы мінген қайық 28 қарашада қозғалып бара жатып аударылған.

Нигер штатының мемлекеттік төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің өкілі Ибрагим Аудудың айтуынша, жолаушылардың жартысынан көбі із-түзсіз жоғалған. 

29 қараша күні кешке құтқарушылар өзеннен қаза тапқан 27 адамның денесін алып шықты.
Оқиғаның себептері әлі белгісіз, бірақ қайық өзендегі турбуленттілік немесе оның жасына байланысты техникалық ақаулар салдарынан аударылуы мүмкін деген болжам бар. Штат билігі адамдар өліміне қайықтағы барлық жолаушылардың құтқару кеудешелерінің жоқтығы себеп болды деп санайды.

Нигерияның Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігінің операциялық жетекшісі Джастин Увазуруньенің атап өтуінше, құтқарушылар апат орнын бірнеше сағат бойы анықтай алмаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<