NIS белсенділері Жеңіс батырларын мерекемен құттықтады

849

0

Жеңіс күні қарсаңында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, ата-аналары және педагог-кураторлар ҰОС ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, ерліктеріне өскелең ұрпақ атынан шексіз ризашылықтарын білдірді.

Бүгінде Қызылорда облысында 7 майдангер батыр тұрады. Яхия Тасыров биыл ғасырлық мерейтойын атап өтті. Ардақты ақсақалдың күш-қайраты әлі қайтпаған, белсенді өмір салтын ұстанады. Ардагер зияткер мектеп шәкірттеріне өз естеліктерімен бөлісіп, алғысын білдірді.

NIS белсенділері Жеңіс батырларын мерекемен құттықтады

«Сүрлеуі бөлек бір ғасыр жасаған ақсақалдың бейнетті де баянды өміріне тәнті болдым. Осындай абыз ақсақалдармен тілдесу арқылы бойға рух пен қуат алатынымыз сөзсіз. Ардагерлеріміздің ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Мәңгілік есте сақтаймыз», — дейді 9-сынып оқушысы Нұрназар Түрікпен.

Любовь Колесник он тоғыз жасында майданға аттанып, далалық госпитальда медбике болып қызмет етті. Ол жүздеген жауынгерлердің өмірін сақтап қалуға үлес қосты. Дәстүр бойынша мектеп ұжымы батыр әжеймен кездесіп, оның ел үшін жасаған ерлігіне сүйсініп, ұрпақ атынан  алғыстарын айтты.

«Тарихи тұлғалармен кездесу жастарымыздың бойында отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастырады. Біз Қызылорда облысында тұратын барлық ардагерлердің үйіне баруды жоспарлап отырмыз», — дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Гүлжан Досанова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<