NIS Marathon: өзен жағалауында көпшілікпен жүгіру

431

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 жылдығына орай және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жеңіл атлетикалық марафон ұйымдастырды.

Үшінші рет ұйымдастырылған көпшілік жүгіруге оқушылар, ата-аналар және мектеп қызметкерлері қатысты. 300-ден астам қатысушы Сырдария өзені жағалауымен 3 шақырым қашықтықта жүгірді.

Марафон нәтижесі бойынша оқушылар арасында 11-сынып оқушысы Аблайхан Бертаев және 10-сынып оқушысы Надира Атымтай бірінші болып жүгіріп келді. Ата-аналар арасында Кенжебек Шыңтемірұлы мен Динара Кенжигулова барлығынан озып, мәре сызығын кесіп өтті. Педагог-қызметкерлер арасынан Нариман Сариев пен София Тобылбаева жарыстың жеңімпаздары деп танылды.

Ұйымдастырушылар тарапынан барлық жүлдегерлер естелік медальмен және Дипломмен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<