NIS оқушылары «Әбіш оқулары» байқауында жеңіс тұғырынан көрінді

298

0

Фото: НЗМ

Ақтауда өткен «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шәкірттері жүлделі орындар алды. Шығармашалық сайысқа Түркістан, Ақтау және Оралдағы NIS оқушыларынан құралған бір команда қатысты.

Конкурста Оралдағы Зияткерлік мектептің 10 сынып оқушысы Айша Байдат шығармашылық зерттеу жобалары бағытында І орынға ие болды. Ол «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы көркемдегіш сөздерді тілдік қолданысқа енгізу» тақырыбында жобасын ұсынды. Жоба «Soyle.kz» YouTube каналына негізделіп әзірленді.

Айша өз жобасында Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тұрақты сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарын насихаттау мен кеңірек танысуға арналған арнайы канал ұсынды. Канал көрерменнің назарын аудару үшін әртүрлі анимациялар, ассоциациялар әдісі және жасанды қажеттіліктер тудыру тәсілдері қолданылған. Осылайша біртуар азаматтың шығармашылығын есте сақтау мен кеңінен насихаттауға болады.

– Жобамның мақсаты – жазушы Әбіш Кекілбаевтың жеке авторлық тілдік қолданысын, лингвомәдени ерекшеліктерін «Soyle.kz» YouTube каналы негізінде насихаттау. Осы канал арқылы абыз жазушының көркем тілін меңгеру, жазушының мәнерлі тілін оқушылардың сөз саптауына енгізгім келеді, – дейді Айша.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары командалық есепте ІІ орын иеленді. Қазылар Түркістандағы NIS оқушыларының театрлық қойылымы мен Ақтаудағы Зияткерлік мектеп оқушыларының иллюстрациялық суретін жоғары бағалады. Өнерпаздар ІІІ орынмен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<