NIS түлектері Германияда дайындық курстарынсыз оқи алады

205

0

NIS сертификаты дайындық курстарынсыз (штудиенколлег) Германиядағы университеттерге түсуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сілтеме жасап хабарлайды.
Зияткерлік мектептердің сертификаты халықаралық деңгейде мойындалады және 2018 жылдың жазынан бастап NIS түлектеріне Германия университеттерінде оқуға болады.
«NIS Grade 12 Certificate 6 сала бойынша: математика, техникалық, жаратылыстану ғылымдары, медицина, тілдер және спорт бойынша дайындық курстарынсыз (штудиенколлег) өтуге мүмкіндік береді. Яғни, зияткерлік мектептердің түлектері бірден неміс университеттерінің бірінші курстарына ағылшын не неміс тіліндегі бағдарламаға қабылдану дегенді білдіреді», – дейді Орталықтың баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<