«Ағымдағы жұмысты айтсақ, балабақшалар санын көбейттік. Әсіресе жеке меншік балабақшалар көптеп ашылды. Қазір балаларды балабақшалармен қамту көрсеткіштері 90,5 пайызға жетті. Біздің алғашқы жоспарымызда нөлінші сыныпты енгізу 2019 жылға қойылған. Бүгінде бірыңғай бағдарламасы мен мұғалімдерді дайындау кестесі дайын, оқулықтар экспертизаға жіберілді», – деді министр.
Осы орайда, ол ендігі уақытта 400 мыңға жуық балаға нөлінші сыныптың жаңа оқулықтарын басып шығару қажеттігін атап өтті.
«Латын әріпіне көшетін болғасын, оқулықтарды біржола латынша басқан жөн деп санаймыз. Бұл қаражат жағынан да тиімді. Сондықтан нөлінші сыныпты енгізу 2020 жылға латын әліпбиінде қойылып отыр», – деді Ерлан Сағадиев.
Оның атап өтуінше, латынға көшуге байланысты 4 комиссия жұмыс істеп жатыр. «Терминологиялық және әдістімелік комиссиясын Білім министрлігі басқарады. Осы мәселе бойынша қазір көп жұмыстар жасап жатырмыз. 2020 жылға дейін нөлінші сыныпты ашуға дайын боламыз», – деді ол.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<