Нобель сыйлығына туындысы ұсынылған қазақ жазушысы кім?

309

0

Белгілі қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы Нобель сыйлығына ұсынылды деп хабарлайды altaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нобель сыйлығына халық жазушысын «Художественная литература» баспасының директоры Георгий Пряхин ұсынған. Ол мұндай жаңалықпен Астанада өткен «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» атты халықаралық оқу конгресінде бөліскен.

«Қазақстанда ғажап әдебиет бар. Қазақстан жерінде орыс әдебиетінің тамаша үлгілері де жазылды. Александр Солженицынды жақтырмасаңыздар да, ол бұл жерден нәр алды. Иван Шухов, көптеген орыс тілді жазушылар да осы жерден түледі. Біздің баспамыз Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын Нобель сыйлығына ұсынды», – дейді баспа директоры.

Ол қазақ жазуышысын ұсынған уақытта, қаламгердің Ұлы Отан соғысынан аман қалған, көзі тірі ардагер екенін атап өткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<