Нұрболат Абдуллин екінші мәрте әке атанды. Әншінің жақын досы өнер иесінің қызды болғанын хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Нұрболат Абдуллин екінші рет қызды болғанын өз парақшасында хабарламағанымен, әншінің қуанышты жаңалығын біліп алған желі оқырмандары оған құттықтауларын жаудырған.
Сондай-ақ, Абдуллиннің жақын досы Нұржан Аташ Instagram желісінде елден сүйінші сұрап, кіндік әке атанғанын жеткізді.
Оның жазбасына сәйкес, әншінің екінші перзенті 27 наурыз күні дүниеге келген. Өнер иесі қызына Табиғат деген есім берген.
Айта кетейік, Нұрболат Абдуллинның тұңғышы да қыз бала.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<